Заңдық фактілер

Заңдық фактілер — нақты құқықтық қатынастардың туындауы (өзгертулер, тоқтатулар) үшін негіз болып табылатын заңда қарастырылған жағдайлар.

Заңды фактілер: оқиғалар және әрекеттер болып екі топқа бөлінеді.

Оқиғa — адамдардың еркіне тәуелсіз пайда болатын заңды маңызды фактілер (мысалы, қар көшкініндегі өлім).

Әрекет — адамдардың ерік білдіруі (яғни, олардың саналы қызметінің нәтижесі) болып табылатын өмірлік фактілер.

Өз кезегінде фактілер, дұрыс құқықты (құқықтық нормалардың жазылуларына сәйкес келетін), дұрыс емес құқықты (құқық бұзушылық болып табылатын заңға қайшы келетін) әрекеттер болып бөлінеді.[1]

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!