Зайролла Дүйсенбеков

Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Азаматтығы

 КСРО Қазақстан

Ғылыми аясы

ауыл шаруашылығы

Жұмыс орны

Жер қоры және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы

Ғылыми дәрежесі

доктор

Ғылыми атағы

профессор

Несімен белгілі

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын болжаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін алғаш зерттеушілердің бірі

Марапаттары



Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысы
"Құрметті жер орналастырушысы" медалі
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес грамотасы

Зайролла Дүйсенбеков (18 қазан 1937 жылы туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996).

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.[1]

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

Павлодар облысы «Баянауыл» кеңшарында бас агроном, директордың орынбасары (1960–62), Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент (1962–87), декан (1974–84), кафедра меңгерушісі (1987–93), Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі жобалау институтының директоры (1993–94) қызметтерін атқарған.

1994 жылдан Жер қоры және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталықтың бас директоры.

Дүйсенбеков – Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын болжаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін алғаш зерттеушілердің бірі.[2]

Сыртқы сілтемелер

http://www.egemen.kz/indexold.php?act=readarticle&id=5774(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

  1. Қозған шежірелеріне шолу | DocsPortal.net: портал документов.
  2. Қазақ Энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!