Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин

Толық мақаласы: Жұмахан Күдерин

Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин - (20.9.1891, бұрынғы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы – 7.3.1938, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылы) – қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері.

  • 1911 жылы ауыл мектебін,
  • 19131917 жылдары Қапал ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Лепсі қаласында Кеңестердің 1-съезіне делегат (1918) және Жер комиссары болып сайланған.
  • 1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың отбасы еліне қайтып оралды. Күдерин 1921 жылы Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қарсы емдеу жұмыстарына қатысты. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1930). Осы университетте оқып жүріп, Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедицияға қатысты. Сондай-ақ осы жылдары Күдериннің «Қытайдағы босқындар өмірі» (1920), «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар» (1930) деген этнографиялық еңбектері, «Ботаника» (1927), «Қой мен оның жүні» (1930), «Кендір» (1931), т.б. биол. еңбектері жарық көрді. Ең құнды еңбектері – араб және латын жазуымен тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген «Орта Азиядағы жыландар түрі» (1925) мен «Өсімдіктану» оқулығы.
  • 1930 жылы 20 қыркүйекте Күдерин тұтқындалып, Ресейдің Воронеж қ-на жер аударылады.
  • 1935 жылы тұтқыннан босап шығып, Алматыға оралады. Қазақ КСР-і Жер халкомының Мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935–36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1936–37) болып қызмет атқарған.
  • 1937 жылы 22 мамырда қайтадан тұтқынға алынып,
  • 1938 жылы 7 наурызда ату жазасына кесілді.
  • 1990 жылы маусымда ақталды.

Алматыда бір көше Күдерин есімімен аталады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!