Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов (13 шілде 1947 жылы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).
Толығырақ
Еңбек жолы
- Қазақ химия-технологиялық институтының, «Жалпы силикат-тар технологиясы» кафедрасының кіші ғылыми қызметкері
- 1971 – 74 жылдары Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық инсти-тутының аспиранты
- 1974-77 жылдары Құрылыс материалдар кафедрасының аға оқытушысы, жалпы инженерлік факультет деканының орынбасары
- 1977-1992 жылдары Құрылыс материалдары кафедрасының доценті қызметін атқарушы, сырттай оқу проректорының орынбасары, құрылыс материалдары және топы-рақтану кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректорының міндетін атқарушысы
- 1992-98 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректоры
- 1998-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарГУ проректоры
- 2008-11 жылдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры
- 2011 жылдан бастап Құрылыс материалдар және конструкциялар кафедрасының меңгерушісі;
Шығармашылығы
- Строительные материалы на основе местного сырья, Жамбыл, 1993;
- Строение и свойства силикатных и других неметаллических тугоплавких материалов, А., 1997.
160-қа жуық ғылыми еңбектің, оқу құралының авторы, 34 авторлық куәлік пен патент алған.
Ғылыми атақтары
Мемлекеттік марапаттары