Жетісу сазы - фольклорлық халық ансамблі. "Жетісу" кеңшары ауылдық мәдениет үйінің жанынан шаңырақ көтерген өнер ұжымы. 1989 ж. құрылды. 1991 ж. "халықтық" атақ берілді. КСРО халықтарының Украинадағы фольклорлык өнер күндеріне қатысып, лауреат атағын алды (1990). 1992 жылы Моңғол Халық Республикасында "Қазақ тілі" қоғамының шақыруымен өнер көрсетіп қайтты. Оның репертуарында халық әндері: "Ахау-бикем", "Ақ дариға", "Алқоңыр", "Дедімай-ау", "Қарағым-ай", "Дайдидау", "Ақбақай", "Еркем-ай", "Жылқы ішінде бір ала", "Гауһартас", Абайдың әні "Көзімнің қарасы", қазақ комп-лары Н.Тлендиевтің "Кел, еркем, Алатауыңа", К.Әзірбаевтың "Ойжайлау", М.Ыбыраевтың "Туған жер", М.Ілиясовтың "Анашыма", орыстың халық әні "Ах, Самара, городок", қырғыздың әні "Сағынам" және т.б. әндер бар. Республикалық теледидар қорында концерттік бағдарламалары сақтаулы.[1]
Дереккөздер
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3