Басқа мағыналар үшін Жетібай деген бетті қараңыз.
Жетібай — Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кент[1]), Жетібай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орналасуы
Облыс орталығы — Ақтау қаласынан шығысқа қарай 75 км, аудан орталығы Құрық (Ералиево) аулынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Маңғыстау үстіртінің солтүстік-батысындағы шөлдік белдемде орналасқан.
Тарихы
Өзімен аттас мұнай-газ-конденсат кен орны негізінде іргесі 1961 жылы қаланған. Кәсіпшіліктің инфрақұрылымы өндірістік ғимараттармен байланысты. Мұнай құбыр жүйесі, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық нысандар 60-жылдарда жедел қарқынмен тұрғызылды. Жетібай кентінің негізінде қазіргі таңда "Ескі Жетібай", "Мүнайшы", "Железодорожный" кенттері жұмыс істейді. Олар арқылы автотрасса және Өзен-Жетібай Ақтау мұнай-газ желісі өтеді.
Халқы
1970 |
1979 |
1989 |
1999 |
2009 |
2021[2]
|
13090 |
▼10147 |
▼8988 |
▲9153 |
▲11326 |
▲13528
|
Экономикасы
Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на біріккен Жетібай, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктері бар. Бұлардан өндірілген мұнай Өзен — Жетібай — Ақтау мұнай құбыры арқылы Ақтау портына тасымалданады. 1961 — 1997 ж. аралығында аталған кәсіпшіліктерден 59,5 млн. т мұнай, 11,653 млрд. м3 газ өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Кент жанындағы карьерден ұлутас өндіріледі. Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының “Жетібаймұнайгаз” филиалы, Жетібай технологиялық көлік кәсіпорны, “Маңғыстаугеология” акционерлік қоғамы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
1960 жылдары көптеген өндірістік, байланыс, тұрғын үй, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары салынып, тез қарқынмен өсті.
Кентте 3 орта мектеп, 2 кітапхана, 2 бала бақша, аурухана, емхана, клуб, кинотеатр, мәдениет үйі, стадион, саябақ, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау орындары бар.
Транспорты
Кент арқылы Ақтау — Жаңаөзен, Құрық — Жетібай — Шетпе автомобиль жолдары, оның оңтүстік жағындағы Мұнайшы кенті арқылы Ақтау — Жаңаөзен темір жолы өтеді. Жетібай кенті 1984 — 92 жылдары салынған 72 км-лік Жетібай — Өмірзақ магистральдік су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі.
Ауыл суреттері
Дереккөздер