Жақия Әубәкіров

Жақия Әубәкірұлы(Яқия) Әубәкірұлы Әубәкіров (1925, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақтөбе аулы – 2009, Алматы қаласы) – экономика ғылымның докторы (1972), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1989). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қайраткері (1970). Омбы педагогикалық училищесін (1941), Қарағанды мұғалімдер институтын (1942), Омбы мемлекеттік университетін (1949) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аспирант, ассистент, оқытушы, оқу ісі бойынша проректор және кафедра меңгерушісі (1949–1963 жылы және 1967 жылдан кейін). Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1963–1972) болды. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның ауыл шаруашылықында экономика заңдарды пайдалану, әлеуметтік-экономика өзгерістер, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру проблемаларын зерттеуге арналған.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.[1]

Шығармалары:

[2]

Дереккөздер

  1. Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б. Доскеев, Қ. Медиев, С. Тұңғышбеков, Г.Ш. Рымжанова және т.б. ISBN 9965-534-40-3
  2. Қазақ энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!