Жамал Қарши (1230, Алмалық —1315 жылдары) - орта ғасырлар тарихшысы.
Өмір баяны
Туғаннан оны Әбуфазыл ибн Мухаммед деп атаған. 1230 жылы Алмалық деген жерде дүниеге келген. Әкесі Мухаммедтің кіндік қаны тамған құтты қонысы Баласағұн қаласы екен. Моңғол шапқыншылығы кезінде Алмалыққа келіп,Шағатай ханға қызмет еткен. Жамал Қарши араб-парсы әдеби дәстүрінде тәрбиеленеді. Алмалық пен Қашғарда білім алды.
Шығармашылық жолы
Моңғолдар билеген тұстағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихын алғаш жазған адамның бірі. Тарихты шынайы жазу үшін өзі де сол болып жатқан оқиғаларға тікелей қатысты немесе көнекөз қариялардың аузынан хатқа түсірді. Бәріне түсінікті болуын көздеген ол өз еңбегін таза, қарапайым тілде әрі әділ жазды. Жамал Қаршидің бұл бірегей қасиетін жоғары бағалаған, одан үш ғасыр кейін өмір сүрген туысы Мухаммед Хайдар Дулати оны өзінің кемеңгер ұстазы санаған.Жамал Қаршидың араб тіліндегі негізгі еңбегі "Әлмұхаммед-ас-Сұрақ" деп ата лады. Бүл тарихи әдеби шығарма X ғасырдағы ортаазиялық үрдіспен жазылған. Автор негізгі идеяны замандасы әрі жерлесі Әл-Фараби Жауқаридың "Сахаха Әл-Жауқари" кітабынан алған. Жауқари өз кітабында сол кезде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігін, ұлы тұлғалары мен тарихи оқиғаларды баян еткен еді. Жауқари еңбегін Жамал 1282 жылы парсы тіліне аударады. Ал 1300 жылы оған "Қосымша" жазады. Автор өз заманының өзекті мәселелерін көтерді. География, тарих, мәдениет салаларын, сондай-ақ көрнекті тұлғалар өмірбаянын оқып-білуде еңбектің маңызы өте зор. Оғыз-қарахандар, қарақытайлар мен наймандар және Шығыс билігі кезеңдері қамтылған. Тарихи оқиғалар мен шежірелер негізінде жазылған Қарахан дәуірі ерекше көңіл аудартады. Мемлекеттің қашан, қалай, кім құрғандығы жайында, Сатұқ мемлекетінің негізін салушы Боғраханның иманды қалай қабылдағаны жөнінде суреттейді. Қарахандардың архитектуралық өнері жайында құнды мәліметтер беріледі.
Ұлы адамдардың заңдылығы
Жамал Қарши Сырдарияға жақын жерде ұлы адамдардың дүниеге келетіндігі жайында қызықты бір заңдылықты байқайды. Ол бұл еңбегінде өзіне таныс көптеген ұлы адамдардың өмірбаянын жазып қалдырды. Шағатайдың тапсыруымен Орта Азияның талай жерін аралап, әлгі кісілерді арнайы іздеп барған ғой. Мәселен, Сырдарияның көрнекті өкілдерінің бірі Хисамаддин (Кусам) Дармынлықпен кездесу үшін ол 1273 жылы Алмалыққа келеді. Жамал оның лекцияларын тыңдап, Сырдарияның бірнеше қалаларын (Жентке дейін) аралайды. Ұзақ та ұтымды әңгімелесуден кейін, Қусам Дармынлық қағанының құрметіне арнап, үш тілде өлең жазады. Таңғалған Жамал Қарши неге оның үш тілде жазылғандығын сұрайды. Ол араб тілінде ойдың ұшқырлығын, парсы тілінде тілдің бейнелілігін, ал түркі тілінде шынайы тұрмысты көркем көрсету үшін жазғанын айтады. Осылайша, Жамал Сырдарияның ақындары мен ойшылдарының үш тілде еркін сөйлеп, жазып, ойлана алатындығына таңғалады. Алайда халықтың негізгі тілі қыпшақ тілі болып қала береді. Тіпті, XIV ғасырда Орталық Азия шағатай тіліне ауысқанның өзінде, қыпшақ тілі әсерін тигізіп отырды.Жамал Қарши Баласағұн қаласының ғалым, жазушы, ақындары жайында бағалы мәліметтер береді. Автордың Негізгі ықыласы қаланың рухани, мәдени өміріне ауады. Жамал Орта Азия мен Қазақстан қалаларының саяси өмірі мен мәдени, шаруашылық құрылысының тарихын суреттейді.[1]
Қосымша
Жамал Қарши, Абу ул-Фазл ибн Мухаммед (1230, Алмалық қаласы - 1315) — орта ғасырлық тарихшы-ғалым. Әкесі Мұхамед Баласағүн қаласында туып, моңғол үстемдігі кезінде Алмалықтағы Шағатай ханға келіп қызмет еткен. Жамал Қарши бала шағында Алмалық пен Қашғарда білім алып, араб, парсы әдебиетін терендете оқыған. Әкесімен бірге қанды тайпасының тарихи шежіресін, аңыз-әңтімелерін көп тындаған. Соның әсерімен Орта Азия кеңістігіндегі және Жетісу өңіріндегі тарихи-саяси уақиғаларды зерделеп, қағазға түсіріп отырған. Оның еңбектерін Мухаммед Хайдар Дулати ерекше бағалап, өзіне өнеге тұткан.
Жамал Қаршидың негізгі еңбегінің бірі — "Мұхаммед ас-Сурах" ("Лұғатқа қосымша"). Тарихи әрі әдеби шығарманы жазудың орта ғасырлық тәсілі — "лұғат" түрінде баяндалган Бұл еңбектің идеясын ол 10 ғ. ғұламаларының бірі — әл-Жауһаридің "Сахаха ал Жауһариынан" алған. Жамал Қарши 1282 ж. "Сахаха әл-Жауһариді" араб тілінен парсышаға аударып, 1300 ж. оған "Қосымша" жазды. "Қосымша" аталғанымен, ол өз заманының көкейтесті мәселелерін, геосаяси, тарихи және мәдени өркендеу саласын, даңқты тұлғалардың ғұмырнамасын қамтыған көлемді шығарма еді. Әсіресе ол 3 тарихи кезенді — Қарахан әулетінің тарихын, қарақытай және найман дәуірін білікті сипаттауымен құнды. Ж.Қ. тек Жетісу өңірінің тари-хын баяндаумен шектелмей, түркі әлеміне жарқын, жасампаздық із калдырған тарихи тұлғалар, ойшыл ғалымдар — Үлұғбілгі, Камалилдин Сығнақи (Шайқы баба), Хисамелдин (құсам) Баршынлығи, Ғибатулла, Араб Баласағүни, т.б. туралы ғұмырнамалық деректер келтіреді. Жамал Қаршидың бір ерекшелігі—кітаптарының тарауларын ежелгі қалалардың (Алмалық, Баласағүн, Қашғар, Ташкент, Баршынкент, Жент, Жанкент, Сығанақ, Сауран, Талас, Сайран, Отырар) атымен атап отырады.
[2][3]
Дереккөздер
- ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- ↑ Бартольд В.В., Сочинения, т. 8, М., 1973; Қазақстан тарихы, 2-т., ауылы, 1997.
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3