Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева |
Туған күні |
25 маусым 1923 (1923-06-25)
|
---|
Туған жері |
Семей қаласы
|
---|
Қайтыс болған күні |
2 ақпан 1974 (1974-02-02) (50 жас)
|
---|
Ғылыми дәрежесі |
Ғылым кандидаты
|
---|
Марапаттары |
«Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталары
|
Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева(1923 жыл, Семей – 1974) – тех. ғыл. докт. (1965), проф. (1968), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1970). Негізгі ғыл. еңбектері жер қабаттарында шахта қазбаларының әсерінен пайда болатын жылжу процестерін радиоактивті изотоптар әдісін қолдану арқылы зерттеуге арналған.
Ғылым кандидаты, одан кейін техника ғылымдарының докторы атанған ең алғашқы қазақ-әйелі, сонымен қатар өз өмірін маркшейдериге арнаған түркі әлемі нәзік жандылардың алғашқы өкілі.
Оның негізгі ғылыми-теориялық зерттеулері республикалық, одақтық және шетелдік басылымдарда 65 монографияда, мақалалар мен брошюраларда жарияланған.
Білімі
1940 жылдың күзінде ол Тау-кен металлургия институтының гидрогеология бөліміне оқуға түсті.
1949 жылы оқу бітіргеннен кейін үш жыл өткен соң Жамал Мұсағалиқызы Қарағанды көмір бассейінің өндірістік учаскесінің шахталарында өз бетінше ғылыми жұмыстар жүргізді. Жүргізген жұмыстарының нәтижесі бойынша Жамал Қанлыбаева Бүкілодақтық маркшейдірлік ғылыми-зерттеу институтын басқарған профессор Степан Гаврилович Авершиннің жетекшілігімен «Қарағанды көмір бассейнінде жер асты тау-кен жұмыстарының әсерінен жер бетіндегі орын ауыстыруды есептеу» атты тақырыбында диссертация қорғады. [1]
1952 жылы кандидаттық диссертация қорғаған, аспирантураның түлегі Жамал Қанлыбаева тау-кен саласы бойынша техникалық ғылдымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған алғашқы қазақ әйел болды.
Кәсіби қызметі
1954-1974 жж. аралығында Тау-кен металлургия институтында маркшейдерлік бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді. Оның басшылығымен институт радиоактивті изотоптарды қолдануға негізделген әйгілі әдісті жасауға кірісті. Көпжылдық зерттеулердің қорытындысын жасай отырып, нәтижесінде Жамал Мұсағалиқызы 1956 жылы докторлық жұмысын сәтті қорғады. 1970 ж. Ж.М. Қанлыбаева Қазақ КСР-нің ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады.[2]
Марапаттары:
«Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.
Фрейбергтегі (Германия) тау-кен академиясында марапатқа ие болған алғашқы әйелдердің бірі және ең жақсы баяндамасы үшін қаланың құрметті кеншісі атағына ие болды.
Өнертабыстары
Әлем бойынша алғаш рет радиоактивті изотоптарды қолдануға негізделген көмір қабаттарын қазу кезінде тау жыныстарының кернеулік жағдайын бақылаудың жаңа әдісін ойлап тапты.[3]
Дереккөздер