Басқа мағыналар үшін Жалтыркөл деген бетті қараңыз.
Жалтыркөл — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өндіріс (Самамбет) ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км-ге созылып жатқан көл. Теңіз деңгейінен 159,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 8,8 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 3,2 км, жағалауының ұзындығы 10,9 км, ең терең жері 2,3 м. Су жиналатын алабы 24,8 км2. Жағалауы жайпақ. Көл түбіне 0,1 – 0,4 м шөгінді тұнған. Судың минералдылығы 0,2 – 0,5 г/л, тұздылығы 2,5 – 6,0 мг/экв, суы гидрокарбонатты. Жағалаудан 300 м-ге дейін су беті өсімдіктері өседі. Көл мал суаруға, жағалауы шабындыққа пайдаланылады.