Жайсаңбек Молдағалиев (14 сәуір 1935, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Жаңасу а. – 22 маусым 1986, Алматы) – жазушы.
- ҚазМУ-ды бітірген (1959).
- 1959 – 85 ж. “Қазақ әдебиеті” газетінде әдеби қызметкер
- “Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
- “Жазушы” баспасында аға редактор
- Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор
- Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.
Шығармалары
- “Жүрек қазынасы” атты алғашқы повесі 1962 ж. жарық көрді.
Ел-жер тарихын, замандастарының шынайы өмірін баяндаған
- “Айналайын атыңнан” (1972)
- “Ел суреттері” (1976), т.б. повесть, әңгімелер жинағы шықты.
- “Торғай толғауы” (3 кітап) атты шығармаларында 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықтың өмірі, қайсарлығы суреттелген.
- “Таза бұлақ” (1984) романдары Ы.Алтынсариннің өміріне арналған.
Л.Толстойдың, И.Буниннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. М. шығармалары бірнеше тілдерге аударылды.
Дереккөздер