Ескі мола төбе

Ескі мола төбе – көне қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Көксарай ауылынан 8 км оңтүстікте орналасқан.

Деректер

2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі мен Шымкент қаласының Археология және этнология орталығы экспедициясы (С. Ахмет, Н. Алдабергенов, З. Исабек) зерттеген.
Қазіргі кезде дөңгелекше келген төбе ауданы 55х67 м, биіктігі 4 м. Ескерткіш үстінде ені 13,50 м, терендігі 50-40 см келген сай бар. Оңтүстігінде 38 м жерде ені 10 м болатын үлкен ор қазылған. Солтүстік жағында да 40-50 м жерде 8 м келген арық тартылған. Ескерткіш үстіне кейінгі уақытта мүрделер қойылғандықтан, халық оны Ескі мола төбе деп атап кеткен. Жинастырылған керамика үлгілері қонысты 1—5 ғасырлар шенімен белгілеуге мүмкіндік береді.[1]

Дереккөздер

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!