Енгван Инсугович Ким (12.11.1911, Ресей, Приморье өлкесі, Хасан ауданы, Усть-Сидими селосы – 14.12.1994, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1959), профессор (1960), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері (1981).
Негізгі ғылыми еңбектері дербес туындылы теңдеулер теориясына арналған. Ол парабола типтес дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептердің теориясына және оның техникада қолданылуына байланысты мәселелерді қарастырып, оларды шешудің жаңа тәсілдерін тапты.[1]