Дәурен Хамитұлы Сембаев

Дәурен Хамитұлы Сембаев (3.10.1933, Алматы — 4.12.2015, Алматы) — ғалым, химик-органик, химия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1986). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.

Әкесі - Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев, Қазақ КСР Оқу министрі болған. Інісі - Дәулет Хамитұлы Сембаев, банкир. Қарындастары - Сәуле Әбдіхамитқызы Бәйішева, профессор және Рауза Әбдіхамитқызы Сембаева.

Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын бітірген (1956). 1956 жылдан А.Б. Бектұров атынд. Химия ғылымдары институтында ғыл. қызметте.

Негізгі ғыл. еңбектері органик. қосылыстардың арасындағы өзара құрылымдық байланыстардың ерекшеліктерін, олардың оксидті катализатор қатысында катализдік тотығу және тотықтыру аммонолизін анықтау, органик. заттардағы әр түрлі орталықтардың реакцияға қабілеттілігі мен олардың катализдік реакцияларға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. С. зертханасында ванадий-титанды катализаторлар жасалып, өндіріске енгізілді. Осы катализаторлар негізінде никотин қышқылын шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс құрылды (Украина, Умань қ.).

230-дан астам ғыл. еңбектің, 30 авторлық куәлік, 55 патенттің авторы. С. бірнеше медальмен марапатталған.

Шығ.: О связи между фазовым составом и каталитическим действием окисных ванадиево-титановых контактов в реакций профазного окисления о-ксилола, Кинетика и катализ. 1979, т. 20 (соавт.); Катализаторы органического синтеза, А., 1992 (соавт.).

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!