Дәнекер - бір тұтас дәнекерленген жік қалыптастыру үшін қосылатын беттердің саңлауларын дәнекерлеп толтыруға қолданылатын қосымша металл немесе қорытпа. Дәнекердің қосылатын металдарға қарағанда балқу температуралары тым төмен. Балқу температуралары 673°К-ге дейін болатын қорғасынға, қалайыға, кадмийға негізделген жұмсақ және балқу температуралары 823°К-ден жоғары негізінен мысқа, күміске, никельге, мырышқа негізделген беріктері жоғары қатты дәнекерлер болып бөлінеді.
1) балқу температурасы дәнекерленетін материалдардың балқу температурасынан төмен қолайлылау жөне дәнекерлеуге арналған материал[1];