Керей тайпасының Абақ руының Шеруші бөлімінен шыққан.
1933 жылғыҚытай қазақтарының көтерілісіне белсене қатынасқан. Өлкедегі ел басшыларын жаппай тұтқынға алып жатқан кезде Дәлелхан 1941 жылы Қазақстанға өтіп кетті. Кейін аймаққа қайта оралып (1944), Гоминьдан үкіметіне қарсы Үш аймақ көтерілісі басшыларының бірі болды. 1945 жылы Алтай аймағы Гоминьдан үкіметі ықпалынан азат етілгеннен кейін, Алтай аймағы генерал-губернаторының бірінші орынбасары әрі аймақтың әскери округінің қолбасшысы болып тағайындалды. Іле, Тарбағатай аймақтары да азат етіліп, үш аймақтың негізінде Шығыс Түркістан Республикасы құрылған кезде (1946) Дәлелхан үкімет мүшесі және Шығыс Түркістан ұлттық армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, кейін (1946) Алтай аймағының генерал-губернаторы болды және денсаулық сақтау министрі қызметін қоса атқарды.
Ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқаны үшін Дәлелханға «Алтын жұлдыз» ордені тапсырылды, «Халық қаһарманы» деген құрметті атақ және генерал-майор әскери шені берілді.
Дәлелхан Шығыс Түркістан Республикасының өзге де басшыларымен бірге белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қайтыс болды.[1]
Отбасы
Ұлы: Фатхан (Пәтіхан) Дәлелханұлы Сүгірбаев Іле Қазақ автономиялық облысының уәлиі (1954 жылдың қарашасы – 1955 жыл, маусым) болды