Басқа мағыналар үшін Дулыға деген бетті қараңыз.
Дулыға (фр. le casque) — қалқанның үстінде орналасатын геральдикалық элемент. Бастапқыда Батыс Еуропа геральдикасында елтаңба иесінің атағына және титулына тәуелді дулығалар болатын. Ежелгі елтаңбаларда сарбаздық кару-саймандар, дулығалар профиль түрінде бейнеленетін, бірақ XV ғасырдан кейін оларды тура суреттейтін болды. Сондай-ақ елтаңбадағы дулығаның орналасуы (тура, профиль, оңға немсе солға бұралған және т.б.) және әшекейлену ерекшеліктері айырым белгілер ретінде маңызды рөл атқаратын, мысалы:
- Патшалар мен императорлардың дулығалары әшекейлер мен оюлардан тұратын, беткі жағы ашық және шілтерсіз болып келеді;
- Ханзадалар мен герцогтердің дулығалары күміс және ашық;
- Маркиздерде тура солай, бірақ шілтері жабылған;
- Графтардың дулығалары күмістен жаслған, шілтері жабық, үшке төрт және тоғыз елегі бар;
- Барондардың дулығалары жылтыратылған күмістен жасалған, шілтерінде жеті елегі болады;
- Дворяндық дулыға жылтыратылған болаттан құйылған, шілтері төрт електен тұрады.
-
Принцтердің дулығасы
-
Герцогтердің дулығасы
-
Маркиздердің дулығасы
-
Графтардың дулығасы
-
Дворяндардың
бурелеті бар дулығасы
-
Сыйлыққа берілген дворяндардың дулығасы
-
Заңсызтуылғанның дулығасы
-
Ресей Империясының орташа елтаңбасындағы орыс дулығасы
Әдебиет