Досмұхамбет Кішібеков (15.12.1925 жылы туған, Шиелі ауданы) – ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974).[1]
Негізгі ғылыми еңбектері қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлі дүниетанымына арналған. Халықтың өткені мен бүгінін ғылыми саралап, оның діліне, болмысы мен әдет-ғұрпына, дүниеге көзқарасына философия талдау жасап, философия тарихы мәселесін зерттеді. Сондай-ақ, Кішібеков өтпелі кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтарын, қоғамдық қатынастардың жай-күйін айқындап, бір қоғамнан екінші қоғамға өтуде демеуші факторлар қажет екендігін негіздеді.
«Достық» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.
Кішібеков 580-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 47 монография, оқулық, кітаптар мен кітапшалар жазды.[2]