Дмитриев мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі ең ірі қазаншұңқыр типтес мұздық, Іле алабындағы Талғар өзенінің бастауында. Мұздық 1936 жылы алғашқы зерттеуші және белгілі өлкетанушы С.Е.Дмитриевтің есімімен аталды.
Аумағы
Мұздық солтүстікке қарай созылып жатыр, ұзындығы 5,7 км, ауданы 17 км2, көлемі 1,9 км3. Фирн сызығы 3940 м биіктікте. Мұздықтың циркі қысқа сілемдермен 8 камераға бөлінген. Дмитриев мұздығы жылына 10 м мөлшерінде шегінуде.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Сыртқы сілтемелер