Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966(19660619), Жиынбай ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) – филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры.
Өмірбаяны
1966 ж. 19 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жиынбай ауылында дүниеге келген. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.[1]
1990 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітірген.[2] «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 500-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы.
Еңбек өтілі
1990 - 1996 - ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
1996 - 2000 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;
2000 - 2002 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері;
2001 - 2004 - Қазақ ұлттық музыка академиясы (қазіргі ҚазҰӨУ) тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі;
2004 - 2005 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры;
2005 - 2006 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;
2006 - 2008 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры;
2008 - 2010 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры;
2010 - 2012 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді стратегиялық дамыту жөніндегі проректоры;
2012 - 2022 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры;[3]
2022 - 2023 - Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры;
2023 - қ.у. - «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (ішіне «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді).[4]
Қоғамдық қызмет
- Үш мәрте ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның мүшесі (2005, 2011, 2015).
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның мүшесі;
- Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның мүшесі;
- Республикалық Ономастика комиссиясының мүшесі;
- Астана қаласы Ономастика комиссиясының мүшесі;
- Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының мүшесі.[5]
Шығармашылығы
«Смағұл Сәдуақасұлы» (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Пайым» (2004), «Алаштың рухани тұғыры» (2008), «Түркістан алқасы» (2011), «Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» (2012), «Алаш — темірқазық», «Жұрт», «Ой алаңы» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» (2003) оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 3 томдығын (2009), Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы. С.Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Болғанбай, С.Ғылмани т.б. академиялық мұрасын жариялады.
«Қазақтың Қошкесі», «Астана туралы бата», «Көздің қарашығындай» деректі фильмдерінің сценарийін жазған.
450-ге жуық журнал мен газет мақалаларының, 150-ден астам теле-радио материалдарының авторы.
Марапаттары
Дереккөздер