Дихан-Баба Әбілев (26 желтоқсан 1907, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылдыбұлақ - 2003, Алматы) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
Білімі
Өмірбаяны
- 1927-1934 жылдары халық ағарту, басасөз қызметтерінде болған.
- Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редактордың орынбасары
- республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары
- 1938-1939 жылдары Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
- 1961-1962 жылдары Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы.
- 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармашылығы
- Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланған.
- "Шалқыма" (поэма)
- "Бармақ" (поэма, 1937)
- "Қуат" (поэма, 1940)
- "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940).
- "Москва түбінде" (1942)
- "Майданбек" (Өлең-роман, 1943)
- "Бибінұр" (1949)
- "Жұлдызды жігіт"
- "Дала солдаты" (1945)
- "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары.
- Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазған.
С. Торайғыров өмірінен жазған
- "Ақын арманы" (1964)
- "Арман жолында" (1968)
- "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-тирлогиясы қалың жұртшылыққа кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған.
Драматургия жанрында
- "Қарулас достар" (1948)
- "Майра" (1954)
- "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазған. Сондай-ақ қазақ тіліне орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
Марапаттары
- Қызыл Жұлдыз ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- "Құрмет Белгісі" ордені
- көптеген медальдармен
- Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
- Қазақстанның халық жазушысы.
Шығармалары
- Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958;
- Шығармаларының екі томдығы А., "Жазушы", 1977, 1984
- Махаббат құдіреті. Роман. А., "Жазушы", 1991;
- мелодия весны. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1993;
- Өткен күнде белгі бар. Естеліктер. А., "Жазушы", 1997;
- Жолаушы өмір. Өлеңдер. А., "Жазушы", 2001[1].
Дереккөздер