Диффузор (лат. diffusio — таралу, жайылып ағу) — құбыр желісінің, орта-тепкіш сорғының, компрессордың жылжымайтын ұлғаймалы, яғни канал немесе құбырдың газ, дәлірек айтқанда, сұйықтық ағысын тежеп, қысымын арттыратын тар бөлігі.[1] Егер ағыс жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан аспайтын болса, онда диффузордың ағыс бойындағы көлденең қимасының ауданы артады да, дыбыс шапшаңдығынан жоғары болса, керісінше кемиді.[2]
Дереккөздер
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.