мемлекеттің сыртқы істер министрлігінде немесе осы мекеменің шет елдердегі өкілдіктерінде қызмет атқаратын, арнайы кәсіби білімі, даярлығы және дипломатиялық дәрежесі бар мемлекеттік қызмет адамы. Қазақстан Республикасында осы сала бойынша арнайы мамандар бірнеше жоғары оқу орындарында даярланады.[1]
адамдармен қарым-қатынастарға шеберлікпен түсетін адам.[2]
Дипломатиялық иммунитет
Дипломатиялық иммунитет — шетел дипломатиялық өкілдіктеріне және олардың қызметкерлеріне берілген, жеңілдіктің, артықшылықтардың және дүние-мүліктің жиынтығы.[2]
Дипломатиялық корпус
Дипломатиялық корпус —
берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;
дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.[2]
Дипломатиялық курьер
Дипломатиялық курьер — өз елінін шетел істері ведомствосынан осы мемлекеттің шетелдегі дипломатиялық өкілдеріне және керісінше дипломатиялық поштаны жеткізу қызметін орындайтын лауазымды тұлға.[2]
Дипломатия
Дипломатия — мемлекеттіңсыртқы саясатын жүзеге асырудың бір тәсілі. Дипломатия сыртқы саясаттың және шетелдегі өз мемлекеті мен жекелеген азаматтарының мүдделерін қорғауға ықпал ететін мемлекет басшылары, үкіметтер, сыртқы қатынастар органдары және тікелей депутаттардың ресми іс-әрекеті түрінде жүзеге асады.[2]
↑ abcdeОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9