Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген. Шындап он жасында қатыса бастаған.
Шахматтан басқа музыка, теннис, жүзумен айналысады. Тілдерді үйренеді. Орта мектепті үздік бітірген. 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді.
8 наурызға арналған Қазақстан Республикасы Президентімен мерекелік кездесуге қатысушысы (07.03.2012)[6][7]
2013 жылғы «SportReview» журналына сәйкес үздік спортшы атанды.
" Караван " газеті бойынша 2014 жылдың үздік спортшысы деп танылды.[8]
2014 жылдың наурыз айында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» шахмат турнирі өтті[9]
2014 жылдың жазында өзінің стипендиясына өз тарапына негізделген «Шахматтан алғашқы қадамдар» кітабын жариялады[10]
«Респект спортсмен» («Халық таңдаулысы 2014») санатындағы ұлттық сыйлығының лауреаты[11]
«Отважная пешка», «Белая ладья», «Мемориал П. Измайлова» (Ресей), «Х. Омарованы еске алу» (Қазақстан), «Г. Агзамованы еске алу» (Өзбекстан), «Мемориал Л. Руденко-2009» Халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы.
2016 жылдан қазақстандық оқушылар Динара Сәдуақасованың «Шахматтың алғашқы қадамдары» кітабымен шахмат үйренеді[12]
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы желтоқсанда Динара Сәдуақасова ерекшеленген бір топ мәдениет пен өнер өкілдерімен бірге «Құрмет» орденімен марапатталды [13].
Шахматтағы жетістіктері
2004 — вице —чемпион, Азияның 8 жасқа дейінгі қыздар арасында.
2007 — вице — чемпион, 12 жасқа дейінгі қыздар арасында[14]
2010 — әлем чемпионы, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында[15][16],[17]
2014 — «Memorial Ridha Belkadhi Women’s Tournament» (Тунис) жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир бірінші орын иегері
2014 — "Benasque open" әйелдер арасында бірінші орын мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде бірінші орын[24] (Испания)
2014 — Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан Республикасының құрама командасының ең үздік нәтижесі[25] (Тромсе), без замен и поражений набрала 8,5 очков из 11 возможных [26]
2014, қыркүйек — 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы (Дурбан, ОАР)[27].
2015, маусым — Әйелдер арасында Орталық Азия чемпионы (ФИДЕ аймақтық 3.4. турнирінде (Душанбе, Тәжікстан) [28].
2016, сәуір — Азия халықтарының кубогында қола медаль алған Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші тақтайы (Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері) [30].
2016, маусым — Ташкентте әйелдер арасында шахматтан Азия чемпионатында Динара, үндістандық тек жарты ұпайға Бхакти Кулкарниден ұтылып күміс медаль жеңіп алды [31].
2016, тамыз — 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы (Бхубанесвар, Индия)[32].