Кэстльдің қазақстандық отан тарихында елеулі орын алатын құнды еңбегі «1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы» деп аталады. Онда Әбілқайыр хан мен оның әйелі Бопай, баласы Ерәлі сұлтан, атақты Күдері батыр портреттері, т.б. адамдар, қазақтардың жайлауға көші, т.б. сипатталып берілген. Сондай-ақ башқұрт-қазақ-жоңғар қарым-қатынастары жөнінде де айтылады. Еңбек 18 ғ-дың ортасындағы қазақ халқының әдет ғұрпы мен билік жүйесі, табиғат байлығы жайлы мағлұматтар қалдырып, ел тарихын тереңдете пайымдауға мүмкіндік берді.[1][2]