Дауд Түркістани (туған-өлген жылы белгісіз) – түркістандық ғалым.
XI ғасырда өмір сүрген араб филологы Абдул-Қаһир әл-Журжанидің «әл-Әуамил әл-майа» («Жүз меңгеру») деген еңбегіне түсіндірме жазған Дауд бин Абд әл-Бақи бин Иса бин Жанбаба ат-Түркістани атты зиялының есімі аталады. Осындай араб тілі грамматикасының мәселелеріне арналған күрделі еңбекке түсіндірме жасағанына қарағанда Дауд түркістани араб тілінен дәріс берген ұстаз немесе тілші ғалым болған. [
Түркістан қаласындағы медреселердің бірінде ұстаздық еткен де болуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы