Глюкагон — ұйқы безі аралшықтарының альфа жасушалары (А клеткалары) бөлетін гормон. Химиялық табиғаты жағынан полипептидтерге жатады. Бауыр жасушалары - гепатоциттерде қорланған адам мен жануарлар организмдеріне тән крахмал тәріздес полисахарид — гликоген глюкагонның ықпалымен глюкозаға айналып, қанға өтеді. Нәтижесінде, глюкозаның қандағы мөлшері артады.[1]
Дереккөздер
↑Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9