«Глобус» театрының атауы (ағл. The Globe [Theatre]), Лондондағы үш театрдың бірімен дәстүр бойынша салыстырады:
Алғашқы театр «Глобус», 1599 жылы Lord Chamberlain’s Men труппасы әртістерінің қаражатымен құрылды, олардың ішіне Шекспир кірген. Ол 1613 жылдың 29 маусымында жанып кеткен.
«Глобус» театры, 1614 жылдың маусым айында қайта қалпына келтірілді (Шекспир Лондоннан Стратфордқа кетіп қалғанда). Ол 1642 жылға дейін тұрды.
«Глобус» театрының қазіргі күйі 1997 жылы ашылды. Ғимарат қалпына келтіріліп, театрдың алдындағы орынынан 200 метрге ұзартылды.
Театрда 1642 жылға дейін «Слуги лорда-Камергера» труппасы ойнаған, оны трагик Ричард Бёрбедж басқарды. Мұнда алғаш рет Шекспирдің туындыларының қойлымдары өтті.
Шекспир заманының алғашқы «Глобусы»
«Глобус» көптеген әртістердің жеке меншігі болды, себебі олар Lord Chamberlain’s Men акционерлері болды. «Глобустың» алты акционерлерінің екеуі Ричард Бёрбедж және оның ағасы Кутберт Бёрбедж, театрдың иелері болды, әрбірі 25 %. Қалған төрт әртіс, Шекспир, Джон Хэмингс, Августин Филипс және Томас Поуп, бірдей үлестерге ие болды 12,5 %. Бұл пропорциялар кейін өзгереді, себебі жаңа акционерлер қосыла бастайды. Шекспирдің үлесі оның кәсіби қызметі барысында 1/8 ден 1/14 ке азайып кетті, немесе шамамен 8 % дейін.
«Глобус» 1599 жылы құрылып, онда ағаш конструкциялар пайдаланылды. Бұған дейін ол жай ғана «Театр» деп аталған болатын, оны Ричард Бёрбедждің әкесі, Джеймс Бёрбедж 1576 жылы Шордичте салған болатын. Бёрбеджи алдымен бұл жерді жалға алған. «Театрды» салу үшін 21 жылға жалға алған.1598 жылы «Театр» орналасқан жердің иесі жердің ақшасын көбейтіп жібереді. Бёрбедждер «Театрды» ақырындап бұзып, оны Темзаға қарай жылжытты, сол жерде ол «Глобус» ретінде қайта құрылды.
1613 жылдың шілдесінде «Глобус» «Генрих VIII» қойылымы кезінде өртеніп кетеді.
Екінші «Глобус». Қазба жұмыстары
Лондондағы басқа театрлар сияқты, «Глобус» та, өрттен кейін 1614 жылы қайта қалпына келтірілді, бірақ 1642 жылы пуритандар оны жауып тастаған. Екі жылдан соң оның көзін мүлде жойды. Ол жерде үйлер салды. Оның нақты орналасқан жері белгізіз болды, тек 1989 жылы оның қалдықтары Парк-Стриттегі «Anchor Terrace» атты автотұрақтың астынан табылды. Anchor Terrace астында театрдың басқа да қалдықтары болуы мүмкін, бірақ XVIII ғасырдың террасасы тарихи құндылықтар қатарына кіргізіліп, следовательно, археологтар оны зерттеу мүмкіншілігінен айрылды.
«Глобустың» жоспарлануы
Шынымен де «Глобустың» көлем мөлшерлері бізге белгісіз, бірақ оның жоспары, аумағы зерттеулер барысында анықталуы мүмкін. Ол ақпараттар бойынша ғимарат үшярусты, ашық, биік амфитеатрлі, диаметрі 97 ден 102 футке дейін болғандығын айтады (29,6-31,1 м), ол шамамен 3000 көрерменге арналған. Лондон Вацлав Холлардың (1647) «Ұзын пейзаж» эскизінде «Глобус» мұнаралары бар дөңгелек ғимарат болып көрсетілген. 1989 жылы «Глобустың» фундаменттері қазба жұмыстары арқылы анықталды. Ол табылған заттар арқылы театрдың дөңгелек емес, он сегіз бұрышты болғаны анықталды.
Дереккөздер
• ↑ Театральная энциклопедия. Том 1. Главный редактор П. А. Марков М.: Советская энциклопедия, 1961 г. стр. 1199
• ↑ Egan, Gabriel The 1599 Globe and its modern replica: Virtual Reality modelling of the archaeological and pictorial evidence // Early Modern Literary Studies. — 2004. — № Special Issue 13. — С. 5.1-22.
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!