Гиппеаструм

Гиппеаструм

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Amaryllidoideae
Тайпасы: Hippeastreae
Кіші тайпасы: Hippeastrinae
Тегі: Hippeastrum
Herb.
түрлері

90 түрі белгілі

Гиппеаструм (лат. Hippeastrum) – амариллистер тұқымдасына жататын пиязшық өсімдік. Отаны – тропикалық Америка. Табиғатта 75-тен аса түрі бар. Жапырағы ұзын сүйір, жылтыр, түсі ашық жасылдан қою жасылға дейін. Гүлі биік гүлсидамының басында қолшатыр тәріздес, 2-5 дана аралығында орналасқан. Гүлдері ірі, түтікшесінің ұзындығы 20 см болса, диаметрі 25 см болады. Түсі түріне байланысты әртүрлі. Гиппеаструмның пиязшықтары жиырма жылға дейін жақсы өсіп, өне береді. Гиппеаструмның күтімі де қиын емес. Ең бастысы түбегін дұрыс таңдау керек. Көлемі үлкен ыдысқа отырғызса, өсімдік көп балапандар шығарады да, бірақ гүлдеуі нашарлайды, сондықтан түбегінің диаметрі пиязшықтан 2-3 см-ге ғана үлкен болуы керек. Топырағы құнарлы болғаны абзал. Арнайы күтім жасағанда, гиппеаструм жылына екі рет гүлдейді.

Жарығы:

Жарық жерді ұнатады, тіке түскен күн сәулесіне шыдамды, жазда аулаға шығаруға болады.

Жылуы:

Демалу кезеңінде көлеңке, салқын жерге, басқа уақыттарда 22-25 °C жылы жерге орналастыру керек.

Суғарылуы:

Гүлдеп болған соң, гүлсидамын солған гүлімен бірге кесіп тастайды да, суғаруды азайтады. Қыркүйек айының соңына қарай жапырағы түгелімен сарғайған кезде ғана, жапырағын кесіп тастап, суғаруды тоқтатады (жапырақтары солмай тұрып жұлып тастауға болмайды, жапырақтағы нәр қайтадан тамыртүйнегіне баруы керек). Тек айына бір рет, түбегінің астындағы ыдысқа су құйып ылғалдандырып қана қою керек. Қазан, желтоқсан айларында қараңғы, құрғақ, 10-12 °C салқын жерде сақтау керек. Қаңтар айынан бастап 22-25 °C жылы жерге шығарып, біртіндеп суғара бастайды.

Ылғалдылығы:

Жапырақтарына су бүркіп, ылғалдандырып, тазалап тұрған абзал.

Қоректендірілуі:

Гүл түйнегі пайда болғаннан бастап аптасына бір рет арнайы гүлдейтін гүлдерге арналған сұйық тыңайтқышпен жапырағы сарғайғанға дейін қоректендіру қажет.

Аурулары:

Кене, қалқанқоңыз және жер құрты пиязшығын зақымдауы мүмкін. Оларға қарсы инсектицидтер қолданады. Ауруына қарсы фунгицидтер қолданады.

Көбейтілуі:

Пиязшығын бөлу немесе жанама өскіндері арқылы көбейтеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!