Гастроэнтерит

Үлгі:Infobox disease Гастроэнтерит (көне грекше: γαστρός — «асқазан» и көне грекше: ἔντερον — «ішек»), немесе инфекциялық диарея — асқазан мен ащы ішектің қабынуы. Гастроэнтериттің жедел және созылмалы екі түрі болады. Егер тоқ ішектің қабынуы қосылса - гастроэнтероколит деп диагноз қойылады[1]. Гастроэнтериттің негізгі себептері түрлі аурудан (тымау, өкпенің қабынуы, қызылша, сепсис аурулары т.б.) организмді уландыратын және ауруға шалдықтыратын вирустар мен микробтардың ішекке өтуінен, бұзыла бастаған тағам, шикі сүт, жуылмаған жеміс-жидект және шамадан артық тамақтанудан болады. Көбіне ауру қоздырғыштары: ротавирус, норовирус, аденовирус және астровирус[2][3]. Балдардың Гастроэнтеритінің қоздырғышы - көбіне Ротавирус болады. Балалардың Гастроэнтеритпен ауырғанының 70%-да қоздырғышы вирусты инфекция болып табылады[4]. Ересек адамдарда жүре қосылған иммунитеттің арқасында ротавирус гастроэнтериттің себебі болып сирек кездеседі.[5]. Ересектердің Гастроэнтеритінің қоздырғышы болып 18%-да норовирус болып табылады[6],[2]. Балалардың Гастроэнтеритіне 10%-да қоздйырғышы норовирус болып табылады.

Жедел Гастроэнтерит шұғыл басталады. Оның бастапқы белгілері гастритке өте ұқсас. Бас ауырады, дене қызуы көтеріледі, ерінге ұшық шығады, жүрек соғуы жиеленіп, науқас есінен танып қалуы да мүмкін. Сосын құсу, іш өту (диарея), ішектің түйіліп ауруы қосыладыref name=EBMED2010>Singh, Amandeep (шілде 2010). "Pediatric Emergency Medicine Practice Acute Gastroenteritis — An Update". Emergency Medicine Practice 7 (7). http://www.ebmedicine.net/topics.php?paction=showTopic&topic_id=229. </ref>. Егер Гастроэнтериттің осы түрінен дұрыс емделмесе, созылмалы түрге айналып бауыр, бүйрек, қуық т.б. органдарды ауруға шалдықтырады.

Гастроэнтериттен сақтану үшін тамақтану тәртібін бұзбау, тазалық сақтау қажет.

Гастроэнтерит малда

Гастроэнтерит малда - бұзылған азықтан, химиялық және өсімдік уларының зардабынан түрлі жұқпалы аурулардан (топалаң, пастереллез, қылау, шошқа тілмесі, мәлік т.б.) пайда болады. Мұның катаральдық, дифтериялық т.б. түрі бар. Ауырған мал әлсірейді, қан аралас тышқақтайды, дене қызуы көтеріледі.

Дереккөздер

  1. БСЭ http://enc-dic.com/enc_sovet/Gastrojenterit-7424/%7Cзаглавие=Гастроэнтерит%7Cиздание=3-е(қолжетпейтін сілтеме)
  2. a b Eckardt AJ, Baumgart DC (January 2011). "Viral gastroenteritis in adults". Recent Patents on Anti-infective Drug Discovery 6 (1): 54–63. doi:10.2174/157489111794407877. ISSN 1574-891X. PMID 21210762. 
  3. Dennehy PH (January 2011). "Viral gastroenteritis in children". The Pediatric Infectious Disease Journal 30 (1): 63–4. doi:10.1097/INF.0b013e3182059102. PMID 21173676. 
  4. Webb, A; Starr, M (сәуір 2005). "Acute gastroenteritis in children.". Australian family physician 34 (4): 227–31. PMID 15861741. 
  5. Desselberger U, Huppertz HI (January 2011). "Immune responses to rotavirus infection and vaccination and associated correlates of protection". The Journal of Infectious Diseases 203 (2): 188–95. doi:10.1093/infdis/jiq031. PMC 3071058. PMID 21288818. 
  6. Ahmed, Sharia M; Hall, Aron J; Robinson, Anne E; Verhoef, Linda; Premkumar, Prasanna; Parashar, Umesh D; Koopmans, Marion; Lopman, Benjamin A (Aug 2014). "Global prevalence of norovirus in cases of gastroenteritis: a systematic review and meta-analysis". The Lancet Infectious Diseases 14 (8): 725–30. doi:10.1016/S1473-3099(14)70767-4. PMID 24981041. 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!