Алматы қаласы, Алмалы ауданы Екінші дүниежүзілік соғысының батырларына арналған 28 гвардиялы-панфиловшылар саябағы ішінде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1904 жылы26 қыркүйектеВерный (қазіргі Алматы) қаласының 50 жылдығына орай қаланған. Жобаның авторлары талантты архитектор К.А. Борисоглебский және С.К. Тропаревский, ал құрылысын салуды Верный қаласының 1877-1888 жылдары алғашқы басшысы болған П.М. Зенковтың ұлы, инженер-құрылысшы А.П. Зенков пен әскери инженер Н.И. Степанов басқарған. Құрылысы 1907 жылы30 шілде айында аяқталғаннан кейін, православие қызметтері басталып 1927 жылға дейін діни мекеме ретінде пайдаланылады. 1929-1995 жылдары шіркеу мұражай ретінде қолданылады. 1995 жылы орыс православие шіркеуі ретінде қайтадан қайтарылғаннан кейін православие қызметтері қайтадан жаңғыртылады. 1997 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сипаты
Құрылысы бір-бірімен тек темір бекіткіштермен қыстырылып ағаштардан ғана 56 м биіктікке тұрғызылған дүниежүзіндегі екінші биік ғимарат. 1911 жылы Верный қаласында болған жойқын жер сілікінісінде барлық жер үйлер қираған кезде шіркеудің тек бір кресті ғана майысқан. Шіркеудің темір крестермен аяқталатын алты бағанасы бар, ішкі құрылымдары Ресей мен Украинаның көркемөнер шеберханаларында жасалған, әулиелердің көркем бейнелерін суретші Николай Хлудов өрнектеген.[1]
Дереккөздер
↑Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!