Владимир Михайлович Боровский(18.8.1909, Ресей, Санкт-Петербург — 15.3.1984, Алматы) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1956), профессор (1958), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1983), Қазақстанның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1962).
Өмірбаяны
- Ленинград университетін бітірген (1934).
- Ленинградта, Володарский даңғылы, 31 үйдің 4 пәтерінде тұрған. 1937 жылғы 29 сәуірде тұтқындалады. НКВД ерекше соты 1939 жылдың 17 желтоқсанында 58-2, 10, 11 баптармен айыптап, Қазақстанға 5 жылға жер аударады. 1989 жылдың 28 сәуірінде ақталған.
- КСРО ҒА ұйымдастырған Орал облысындағы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Жәнібек орман-топырақ зерттеу стационарын құруға қатысып, соны басқарды (1934 — 40).
- Қызылорда облысы су шаруашылығы бөлімінде аға инженер (1940 — 45)
- Қызылорда облысы топырақтану-мелиорация станциясының директоры (1945 — 51)
- Алматыдағы “Средазгипроводхлопоктың” бөлім меңгерушісі (1951 — 54).
- ҚазМУ-дің доценті (1954 — 56)
- Қазақстан Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі (1956 — 58), директорының орынбасары (1956 — 68), директоры (1968 — 84) болды.
Ғылыми қызметі
- Негізгі ғылым еңбектері Қазақстанда топырақты мелиорациялау, суармалы егіншілік, топырақтану, экология, топырақты игеру мен аудандастыру мәселелеріне арналған. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген кең ауқымды зерттеулеріне сүйене отырып, Сырдария, Іле, Шу,Жайық, Талас өзендерінің төменгі ағысындағы жерлерді игеру жобасын жасады
Шығармалары
- "Древняя дельта Сырдарьи и Северные Кызылкумы", Алма-Ата, 1958-1959, т. 1, 2.
- “Геохимия засоленных почв Казахстана“,Мәскеу, 1978.
- "Формирование засоленных почв и гало-геохимические провинции Казахстана". Алма-Ата, 1982.
Марапаттары
- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1984.
- Екі рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- Халықтар Достығы орденімен марапатталған.[1]
Дереккөздер
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
ISBN 9965-607-02-8
Сыртқы сілтемелер