Владимир Константинович Грузинов



Дүниеге келгені: 1903 ж. қаңтардың 7
Ресей, Кемерово облысы Новокузнецк қ.
Қайтыс болғаны: 1971 ж. маусымның 15 (68 жаста)
Қарағанды қ.

Грузинов Владимир Константинович(7.1.1903, Ресей, Кемерово облысы Новокузнецк қ. – 15. 6.1971, Қарағанды қ.) – тех. ғыл. докт. (1959), проф. (1960), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1962). Томскідегі Сібір технол. институтын бітірген (1927). 1927–1937 ж. Ресей металлургия з-ттарында инж., домна цехының бастығы. 1937–1946 ж. Екатеринбургтегі Орал машина жасау з-тында металлургия з-ттарына арналған жабдықтарды жобалау жұмыстарын басқарды. 1946–1962 ж. Екатеринбургтегі Орал политех. институтында доцент, проф., кафедра меңгерушісі, 1963–65 ж. Орт. қара металлургия институтының Қазақ бөлімшесі директорының орынбасары, 1965–1966 ж. Қарағанды политех. ин-тында өзі ұйымдастырған зауыт жабдықтары кафедрасының меңгерушісі, 1966–1971 ж. Қазақстан ғылым академиясының Хим.-металлургия институты директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Негізгі ғыл. еңбектері қара металлургияның өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған. Г. домна цехтарын мех. жабдықтау жөнінде зерттеулер жүргізді. Ол Қазақстанда қара металлургия өнеркәсібінің шикізат қорын ұлғайту жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, Қостанай облысы қоңыр теміртас кентастарын кешенді пайдаланудың негіздерін жасады. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

<references>

  1. Қазақ Энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!