|
---|
Дүниеге келгені: |
1937 ж. қарашаның 27 (1937—11—27) (87 жас) Украина, Киев облысы Кагарлык ауданы Ставы с. |
Владимир Васильевич Григорук (27.11.1937 жылы туған, Украина, Киев облысы, Кагарлык ауданы, Ставы селосы) – экономика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1994). Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).
Украина ауыл шаруашылық академиясын бітірген (1963). 1963–1967 жылдары Көкшетау облысы «Комаровский» кеңшарының бас экономисі, 1967–1969 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы ауыл шаруашылық басқармасында бөлім бастығының орынбасары, 1969–1975 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының Целиноградтағы бөлімшесінде директордың орынбасары, 1976–1987 жылдары осы институттың (Алматы) бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1988–1991 жылдары Қазақстан мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінде басқарма бастығы, 1991–1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық академиясының экономика бөлімінің академик-хатшысы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында басқарма бастығының орынбасары.
Григоруктың негізгі ғылыми жұмыстары жерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын жетілдіру мәселелеріне арналған. Агроөнеркәсіптік кешендегі экон. қатынастарды нарық заңдылықтарына сай қайта құру, жоспарлау жүйесі, еңбек төлемі мен өнім бағасы жөнінде әдістемелік құралдарды дайындады.[1]
Дереккөздер