Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, мал азықтандыру бөлімінің меңгерушісі (1952–69)
Солтүстік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (1969–78) директоры.
Қазақ мал шаруашылық технологиясы ғылыми-зерттеу институтының (1978–93) директоры
1993 жылдан осы институттың мал азығын дайындау технологиясы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектері
1969 жылы «Силосование кукурузы, корнеплодов и бобовых культур и рациональное использование силоса в кормлении сельскохозяйственных животных» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Оның негізгі ғылыми еңбектері мал азығы технологиясына арналған. Ол азықты сүрлемге салу кезіндегі термиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестердің өзара байланысын, тиімді параметрлерін тапты. Мұның нәтижесінде азықты сүрлемде аминқышқылдардың барынша мол шоғырлануын қамтамасыз ететін белоктың гидролитикалық ыдырауы жақсы жүреді, аминсіздендірілу процесі тежеледі. Оның жетекшілігімен малға азық дайындаудың технологиясы жетілдірілді. Ол алғаш рет Қазақстанда қызылша, асқабақ, картоп, жер алмұрты (топинамбур), т.б. дақылдардан малға құрама сүрлем дайындаудың технологиясын жасады.
Марапаттары
Октябрь революциясы ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
«Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!