Сапа Василий Антонович (14.1.1922, Қостанай облысы Федоров ауданы Успеновка а. — 1994, Алматы) — механик, физ.-матем. ғыл. докт. (1964), проф. (1967). Қазақстан ғылым академиясының корр.-мүшесі (1989). Қазақстанның еңб. сің. ғылым қайраткері (1974). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1948). 1948 — 1993 ж. осы ун-тте пед., түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ғыл. еңбектері массасы айнымалы денелер механикасына, күрделі жүйелер динамикасына, аналитик. механикаға, қатты дене және қуыстары сұйықтықпен толтырылған дене динамикасына, т.б. арналған. Біртұтас мех. жүйе қозғалысының тұрақтылығы теориясының дамуына үлкен үлес қосқан. Сапаның басшылығымен жасалынған құрамы өзгермелі механика бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі шетелдік ғалымдардың назарына ілікті. 200-ден аса ғыл. еңбек жазған. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Пайдаланылған cілтемелер
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- Шығ.: Движение цилиндра, вращающегося вокруг своей оси, с учетом силы сопротивления, пропорциональной первой степени скорости //Ученые записки КазГУ, т. 14, вып. 3, 1952; Несколько случаев прямолинейного движения точки переменной массы в среде с сопротивлением //Изв. Ясского политехнического института (Румыния), т. 7 (ІІ), вып. 3 — 1, 1961. М. Байленова