Вакуоль (Vacuola cellularis, лат. vacuus - бос қуыс) — жасуша ішінде болатын көпіршік, көбіне ішінде сұйықтық болады.
[1]
Жас жасушада вакуоль көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және жетілген жасушаның 70-95% құрайды.[2]
Вакуоль өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында болады. Өсімдіктер вакуолі жануарлардікіне қарағанда ірірек және жақсы жетілген. Вакуоль дегеніміз - жасушалардың дамуы және ескіруі барысында цитоплазмада анық көріне бастайтын сұйықтық.
Вакуольдерде ерітінді күйінде минералды тұздар, қант заттары, сондай-ақ жасушаның өмір сүруіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және басқа да заттар шоғырланады. Вакуольдердің пигменттері, гүлдердің желектеріне және өсімдік-
тердің басқа да бөліктеріне (қызылшаның тамырларына, баклажанның жемістеріне, күзгі жапырақтарға) қызыл, көгілдір, жасыл бояу бөліп шығарады. Вакуольдер жас жасушаларда өте ұсақ болады да, ал қартайған сайын вакуольдер бір-бірімен қосылып, ірі вакуольдерге айналады. Вакуольдердегі жасуша шырыны зат алмасудың өнімдері болып табылады.