ЗАХАРОВ Вадим Павлович [1] (21.5.1896, Ресей, Санкт-Петербург қаласы – 18.3.1983, Өзбекстан, Ташкент қаласы) – техникалық ғылыми докторы (1945), профессор (1950), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961).
Мәскеу электртехникалық институтын бітірген (1923). Өзбекстанда инженер, оқытушылық және ғылыми-зерттеулік жұмыстарында (1926–44 және 1929–56) болды. Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеулік институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1944–62), ғылыми кеңесші (1962–78) қызметтерін атқарды. 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Орта Азия ирригация ғылыми-зертеулік институтында (Ташкент) жұмыс істеді. З. кешенді су торабына арнап су шаруашылығы мен су энергетикасы салаларындағы жұмыстарды экономикалық тұрғыдан есептеу әдістерін ұсынды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда электрлендіру ісі және су энергетикасын дамыту жөнінде бағалы ұсыныстар жасады. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы