Бәкет Амантайұлы Амантаев


Бәкет Амантайұлы Амантаев
Мансабы: философия ғылымдарының докторы, профессор, академик

Бәкет Амантайұлы Амантаев (3.1.1929 ж.т., Ақмола облысы Атбасар ауданы) – философия ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003; 1972 жылдан корр. мүшесі).

Алматы мемлекеттік заң институтын (1949) және ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын (1953) бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында аға оқытушы, доцент, институт директорының орынбасары (1953–1957), 1971 жылдан Философия және құқық институтында аға ғылым қызметкер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының философия кафедрасында доцент, кафедра меңгерушісі, философия мен шет тілдері кафедрасы ғылыми кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

1959 жылдан Қазақстан ҒА Философия және құқық ин-тында аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектерінің бағыты қазақ шаруаларының әртүрлі кезеңдердегі қоғамдық саяси белсенділігі, рухани жетілуі, филос. сыны, нарықтық экономикаға көшудің этнопсихол. аспектілері мәселелеріне арналған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Ғылыми жұмысының бағыты тарихи материализм, қазақ шаруашылығының жаңа даму жолына түсуі, кеңес адамдарының саяси-қоғамдық белсенділігін арттыру мәселелеріне арналған. «Социализм және қазақ шаруашылығының рухани бет-бейнесі мен оның әлеуметтік табиғатының түбегейлі түрде өзгеруі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

Шығармалары:

  • Социализм и коренное преобразование социальной природы казахского крестьянства, А.-А., 1969;
  • Основные черты, принципы и нормы поведения советского человека, А.-А., 1977.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!