Боғда Қараұлы (1765 жыл — 1845 жыл) — күйші композитор
Өмірбаяны
Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы.[1]
Ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған.
Шығармашылығы
Оның күйлері Ақтөбе, Орал, Маңғыстау өңірінде кеңінен таралған. Б.Асан Қайғының, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар “Алпыс екі Ақжелеңді” түгел тарта білген күйші.
Боғданың кең тараған “Боз төбе”, “Жем суының тасқыны”, “Екіндіде ел іздеген”, “Боғда”, “Қара жаяу” күйлері — терең философиямен толғауға толы лирикалық туындылар. Олардың мейлінше сұлу, қалыпты ырғағынан қайрат, сабырлылық пен жігерлілік сезіледі. Бізге жеткен шығармаларының ішінде дәстүрлі жанрдағы “Сегіз лақ” (ортеке жанрында), “Кербез Ақжелең” мен “Кербез Керік” (Ақжелең жанрында) тәрізді күйлері де мазмұндылығымен, бейнелеу мәнерімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен назар аудартады.
Ізін жалғастырушылары
Қазіргі орындаушыларға Боғданың оншақты күйі белгілі. Оның “Боз төбе” күйін ең алғаш А.В.Затаевичке орындап беріп, нотаға түсірткен Ғ.Мұхитов. Одан кейін күйші мұрасын арнайы зерттеген — Т. Мерғалиев. Боғда күйлері белгілі домбырашылар С.Жалмышев, Боғда Басығараевтардың репертуарынан орын алған.[2][3]
Дереккөздер