Борис Александрович Быков

Борис Александрович Быков

Борис Александрович Быков(15.12.1910, Ресей, Кострома облысы Галич қаласы — 14.05.1990, Алматы) — ғалым, биологиялық ғылымдарының докторы (1957), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968).

ҚазМУ-ді бітірген (1939). Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында (қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) ғылыми қызметкер, директордың орынбасары (1946 — 60), директор (1960 — 65), лаборатория меңгерушісі (1965 — 75) болған. Негізгі ғылыми еңбектері геоботаника мен өсімдіктер жүйеленіміне арналған. Ол 1951 — 52 ж. Каспий маңы геоботаника экспедициясын, 1957 — 62 ж. Орталық Қазақстандағы биокешендік зерттеулерді, 1964 — 70 ж. республиканың шөлді өңіріндегі жайылымдарды тиімділікпен пайдалану және жақсарту жөніндегі экспедициялық зерттеулерді басқарды. Республиканың, оның ішінде Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының геоботаникалық карталарын құрастырды, Қазақстанның жайылымдары мен шабындықтарының жіктелімін жасады.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!