Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков
Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков | | Туған күні |
5 тамыз 1940 (1940-08-05) (84 жас)
|
---|
Туған жері |
Тараз
|
---|
Азаматтығы |
|
---|
Ғылыми аясы |
шығыстанушы, арабтанушы, тарихшы
|
---|
Ғылыми дәрежесі |
тарих ғылымдарының докторы,
|
---|
Ғылыми атағы |
профессор, академик
|
Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков (5 тамыз 1940 жыл, Жамбыл облысы, Тараз) – шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы (1994), профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003)[1][2].
Өмірбаяны
Отбасы
Болат Көмеков 1940 жылы 5 тамызда Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.
1957-1961 жылдар аралығында Ташкент мемлекеттік университеті шығыс факультетінің араб бөлімінде оқиды. 1961 жылы Араб тілі мен әдебиеті бойынша білімін жетілдіру мақсатында Бағдат университетінде тағылымдамадан өтті.
1963-1965 жылдар аралығында Мысырда, Асуан биік бөгетінде аудармашы болып жұмыс істеді.
1965-1968 жылдар аралығында КСРО Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты болды.
1966-1969 жылдары КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтының Ленинградтағы филиалына қызметке жіберілді.
1970 жылы «Араб деректеріндегі IX-XI ғасырлардағы қимақтардың жағдайы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1965-1974 жылдары ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, кіші аға ғылыми қызметкері.
1974-1996 жылдары ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында бөлім меңгерушісі.
1978-1983 жылдары жарық көрген 5 томдық Қазақ ССР тарихының алғашқы екі томы, яғни Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлардағы тарихы кезеңдерін қамтыған 1 және 2-ші томдары ерекше орын алады. Бірінші томға ағайымыз оннан аса мақала дайындаса, екінші томға тікелей жауапты болады.
1985 жылы 4 томдық қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Қазақ ССР энциклопедиясында 20 мақала жазып береді. 1984-1985 жылдары Б.Көмеков бөлімі Ш.Уәлихановтың 150 жылдығына орай, оның таңдамалы шығармалар жинағының 2 томын, толық шығармаларының 5 томдығын шығару Б.Көмековтың бөліміне тапсырылады[3].
Ғалымның ғылыми жетекшілігімен және кеңесімен - 7 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты диссертацияларын қорғаған.
1994 жылы Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында «VIII-XIII ғғ. қыпшақ, құман және қимақ тарихына қатысты араб деректері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1995 жылы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1996-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік заң институтында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.
2000-2003 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің қыпшақтану орталығының директоры.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды. 2003-2008 жж. ҚазМЗУ-де Халықаралық қыпшақтану институтының директоры.
2008-2009 жылдары ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының бас ғылыми қызметкері.
2009-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қыпшақтану институтының директоры.
2010 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қыпшақтану институтының директоры.
2012 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры және «Академик» ғалымдар клубының мүшесі[4]. Б.Көмеков өз шәкірттерімен бірге Халықаралық Қыпшақтану орталығын ашып, Еуразия аумағындағы қыпшақ этносының тарихи мәселелерімен терең айналысып жүр.
2014 жылы ғалымдар үшін ең үлкен мемлекеттік марапат болып саналатын «Парасат» орденін кеудесіне тақты.
Ғылыми жұмыстары
- 1. Arap Kaynaklarina gore IX-XI. Asirlarda Kimek devleti. Gevrenler: Mehmet Kildiroğlu, Çingiz Samudinuulu. – Ankara: Türk Tarih Kurumu, 2013. – 177 s.
- 2. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VІІІХІV вв: научно-аналитический обзор / ответственный редактор Т.Б. Балакаев. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 40 с.
- 3. Арабские источники по истории кипчаков, куманов и кимаков VIII – нач. XIII вв.: диссертация в виде научного доклада на соискание научной степени доктора исторических наук: 07.00.09. – Санкт-Петербургский филиал Института * востоковедения РАН, 1994. – 40 с.
- 4. Атлас и рабочая тетрадь по истории средневекового Казахстана: для 7 класса / К.М. Байпаков, М.Е. Дикань. – Алматы: Мектеп, 2008. – 31 с.
- 5. Байбарыс сұлтан. Тарих, тұлға, уақыт / Қ.Сәки. – Алматы: Аруна баспасы, 2004. – 93 б.
- 6. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам: автореферат. – Алма-Ата: Наука, 1970. – 156 с.
- 7. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 156 с.
- 8. Ежелгі қыпшақ тілі. – Алматы: 2007 (в соавторстве).
- 9. Йақұттың «Му' джам әл-булдан» (ХІІІ ғ.) жағрафиялық жинағы - Қазақстанның ортағасырлық тарихының дерегі / З.С. Ильясова. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 242 б.
- 10. История Казахстана. Дидактические материалы: для 5 класса общеобразовательной школы / Т.С. Жумаганбетов, К.С. Игликова. – Алматы: Атамұра, 2017. – 128 с.
- 11. История Казахстана. Методическое руководство: для учителей 5 класса общеобразователной школы / Т.С. Жумаганбетов, К.С. Игликова. – Алматы: Атамұра, 2017. – 400 с.
- 12. История Казахстана: учебник для 5 класса общеобразовательной школы / Т.С. Жумаганбетов, К.С. Игликова. – Алматы: Атамұра, 2017. – 144 с.
- 13. История Казахстана. Хрестоматия: для 5 класса общеобразовательной школы / Т.С. Жумаганбетов, К.С. Игликова. – Алматы: Атамұра, 2017. – 64 с.
- 14. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: очерк / Ж.К. Таймагамбетов, К.М. Байпаков, Б.Е. Кумеков и др. – Алматы: Дәуір, 1993. – 416 с.
- 15. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: очерк / Ж.К.Таймагамбетов, К.М. Байпаков, Б.Е. Кумеков и др. – Алматы: Дәуір, 2003. – 416 с.
- 16. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: очерк / Ж.К. Таймагамбетов, К.М. Байпаков, Б.Е. Кумеков и др.; редактор Л.И. Дробжева. – Алматы: Дәуір, 2006. – 416 с.
- 17. История Казахстана в средние века: учебник для 7-8 классов / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – Алматы: Рауан, 1996. – 176 с.
- 18. История Казахстана в средние века: учебник для 7-8 классов. / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – Изд. -3-е. – Алматы: Рауан, 1997. – 176 с.
- 19. История Казахстана в средние века (VI-XVII вв.): учебник для 7-8 классов. / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – Изд. 4-е. – Алматы: 1998.
- 20. История Казахстана в средние века (VI-XVII вв.): учебник для 7-8 классов. / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина – Изд. 5-е. – Алматы: 1999.
- 21. История Казахстана в средние века (VI-XVII вв.): учебник для 7-8 класса. / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – Алматы: 2001.
- 22. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В 5 т. Т. 1: Первобытно-общинный строй. Племенные союзы и раннефеодальные государства на территории Казахстана / главная редакционная коллегия: С.Б. Баишев, С.Б. Бейсембаев, Г.Ф. Дахшлейгер и др. – Алма-Ата: Наука, 1977. – 477 с.
- 23. История Казахской ССР. с древнейших времен до наших дней. В 5 т. Т. 2. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 424 с. (соавтор, член редколлегии тома).
- 24. История казахской государственности (древность и средневековье): монографическое исследование. – Алматы: Адамар, 2007. – 416 с. (соавтор).
- 25. История казахской государственности и Казахского ханства. – Алматы: КазНУ, 2015. – 46 с. – Текст каз., англ., рус.
|
- 26. История мамлюкской архитектуры в Египте / Б.Батыршаулы, С.Батыршаулы. – Астана: «Сары-Арка», 2011. – 308 с.
- 27. История средневекого Казахстана: учебник для 7 класса общеобразовательной школы / К.М. Байпаков, М.Е. Дикань. – Алматы: Мектеп, 2008. – 232 с. – Текст рус., каз.
- 28. Исторические документы мавзолея Ходжа Ахмада Йасави / А.К. Муминов, У.А. Султонов, В.К. Шуховцов, Д.Т. Кенжетаев, Б.Е. Кумеков. – Астана: Мастер ПО ЖШС, 2017. – 216 с.
- 29. Историческая география Казахстана по средневековым картам IX-XIV веков мусульманской культуры: монография / Р.Б. Кумекова. – Алматы: «Қазақ университеті». – 2020. – 110 с.
- 30. Каган Модэ: История, личность, время. – Алматы: Аруна, 2003. – 96 с. 31. Казахи. Казахская энциклопедия в 4-х томах. Т. 1 / Р.Б. Сулейменов, Н.Е. Масанов. – Алма-Ата, 1985.
- 32. Кимекский каганат: источники, историография и социум / Н.Е. Кузембаев. – Павлодар: Издательство ПГПИ, 2014. – 99 с. – Текст рус., каз.
- 33. Кимек қағанаты: деректер, тарихнама және қоғам / Н.Е. Күзембаев. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2014. – 100 б.
- 34. Кодекс Куманикус. Қыпшақтардың тарихи-мәдени ескерткіші (XIII-XIV ғғ.): монография / Қ.С. Анарбаев. – Алматы: НұрСултан, – 2020. – 336 б.
- 35. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ежелгі және ортағасырлық кезең: монографиялық зерттеу. – Алматы: Адамдар, 2007. – 432 б.
- 36. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және Қазақ хандығы = The history of the kazak statehood and the kazak khanate = История казахской государственности и казахское ханство. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 45 б.
- 37. Қазақ ҚСР тарихы: көне заманнан бүгінге дейін. 5 т. Т. 1. – Алма-Ата: Ғылым, 1982.
- 38. Қазақстан тарихы. Хрестоматия: жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған / Т.С. Жұмағанбетов, К.С. Игілікова. – Алматы: Атамұра, 2017. – 142 б.
- 39. Қазақстан тарихы туралы араб және парсы деректемелері (IXXIV ғғ.): хрестоматия. – Алматы: «Арыс», 2021. – 136 б.
- 40. Қазақстанниң оттура әсирләр тарихи: 7-8-синиплар үчүн дәрислик / К.М. Байпақов, К.А. Пищулина. – Алматы: Рауан, 1995. – 176 б.
- 41. Қазақстанниң оттура әсирләр (V-XVII әә.) тарихи: умумий билим беридиған мәктәпләрниң 7-8 синиплири үчүн дәрислик / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – 2-чи м. – Алмүта: Рауан, 1996. – 176 б.
- 42. Қазақстанниң оттура әсирләр (V-XVII әә.) тарихи: умумий билим беридиған мәктәпләрниң 7-8 синиплири үчүн дәрислик / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – 3-чи м. – Алмүта: Рауан, 1997. – 176 б.
- 43. Қазақстанниң оттура әсирләр (V-XVII әә.) тарихи: умумий билим беридиған мәктәпләрниң 7-8 синиплири үчүн дәрислик / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – 4-чи м. – Алмүта: Рауан, 1998. – 176 б.
- 44. Қазақстанниң оттура әсирләр (V-XVII әә.) тарихи: умумий билим беридиған мәктәпләрниң 7-8 синиплири үчүн дәрислик / К.М. Байпаков, К.А. Пищулина. – 5-чи м. – Алмүта: Рауан, 1999. – 176 б.
- 45. Махаббатсыз дүние бос: новелла, очерк және мақалалар / С.Мүтәлиев. – Алматы: Б.б., 2006. – 116 б.
- 46. Мөде қаған. Тарих, тұлға, уақыт / А.Галиев; аударған Н.Сламбекова; бас редакторы Қ.Байғабылова. – Алматы: Аруна баспасы, 2007. – 95 б.
- 47. Мұхамед Хайдар Дулат. Тарих, тұлға, уақыт / Б.Кәрібаев; бас редакторы Қ.Байғабылова. – Алматы: Аруна, 2004. – 95 б.
- 48. Мухаммед Хайдар Дулат. История, личность, время / Б.Карибаев. – Алматы: Аруна, 2004. – 96 с.
- 49. Мысырдағы мамлүк сәулет өнерінің тарихы = История мамлюкской архитектуры в Египте / Б.Батырша-ұлы, Б.Е. Көмеков, С.Батырша-ұлы. – Астана: Сарыарқа: 2011. – 308 б.
- 50. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (VІ-XVII ғ.): оқулық 7-8 сыныптарға арналған / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: Рауан, 1995. – 176 б.
|
- 51. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (VI-XVII ғ.): 7-8 сыныптарға арналған оқулық. 2-ші бас. / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: 1996.
- 52. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (VI-XVII ғ.): 7-8 сыныптарға арналған оқулық. 3-ші бас. / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: 1997.
- 53. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (VI-XVII ғ.): 7-8 сыныптарға арналған оқулық. 4-ші бас. / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: 1998.
- 54. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (VI-XVII ғ.): 7-8 сыныптарға арналған оқулық. 5-ші бас. / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: 1999.
- 55. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы: нашар көретін оқушылар мектебінің 7-8 сыныптарына арналған оқулық. / К.М. Байпақов, К.А. Пищулина; аударған: Ә.Орынбаева. – 4-ші басылым. – Алматы: Мектеп, 2002. – 304 б.
- 56. Ортағасырлық Қазақстан тарихы (VI-XVII ғғ.): 7-8 сыныптарға арналған оқулық. / К.Байпақов, К.Пищулин. – Алматы: 2001.
- 57. Ортағасырлық Қазақстан тарихы: 7 сыныпқа арналған оқулық. / К.М. Байпаков, М.Е. Дикань. – Алматы: Мектеп, 2008. – 247 б.
- 58. Ортағасырлық Қазақстан тарихына байланысты 7 сыныпқа арналған атлас және жұмыс дәптері / К.М. Байпаков, М.Е. Дикань. – Алматы: Мектеп, 2008. – 43 б.
- 59. Средневековая история Казахстана: учебник для 7-8 классов. / К.Байпаков, К.Пищулин. – Алматы: Рауан, 1995. – 72 с.
- 60. Средневековая история Казахстана. – Алматы: 2008 (соавтор).
- 61. Старокипчакский язык / А.Курышжанулы, С.Ж. Дуйсен. – Алматы: Издательство Казахского женского педагогического института, 2007. – 352 с.
- 62. Султан Бейбарс. История, личность, время / К.Саки. – Алматы: Аруна, 2004. – 96 с.
- 63.Шоқан Уәлиханов. Тарих, тұлға, уақыт / С.Өтениязов; бас редакторы Қ.Байғабылова. – Алматы: Аруна, 2006. – 93 б.
- 64. Шыңғыс хан. Тарих, тұлға, уақыт / А.Галиев. – Алматы: Аруна, 2003. – 95 б.
- 65. Шыңғыс хан. Тарих, тұлға, уақыт / А.Галиев. – Алматы: Аруна баспасы, 2007. – 95 б.
- 66. Чингис хан. История, личность, время / А.А. Галиев. – Алматы: Аруна, 2003. – 96 с.
- 67. Чингис хан: история, личность, время / А.Галиев. – Алматы: Аруна, 2007. – 96 с. – Текст рус., каз.
- 68. Чингис хан. История, личность, время / А. Галиев. – Алматы: Аруна, 2010. – 96 c. – (Знаменитые люди Востока).
- 69. Чокан Валиханов. История, личность, время / С.Утениязов. – Алматы: 2006. – 96 с.
- 70. Хан Джучи. Великая Степь / Т.И. Султанов, В.В. Трепавлов, Ю.И. Новоженов, Г.Ж. Табулдин, О.В. Лушников и др. – Издательство ЛРТО, 2020. – 392 с.
|
Марапаттары
- 1983 жылы Қазақстан мемлекет сыйлығының иегері.
- 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
- 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі.
- 2002 жылы Ғылымға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік стипендия иегері.
- 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.
- Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасы (6 мамыр 2002, Қырғызстан) — қырғыз халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу мен насихаттауға қосқан зор үлесі үшін.
Дереккөздер
|
|