Бекежан Сүлейменов

Сүлейменов Бекежан

Сүлейменов Бекежан (12.12.1912, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 30.6.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылым докторы (1965), професор (1968), ҚР ғылым академиясының коррдинатор мүшесі (1972). Мәскеудегі К.Либкнехт атындығы Мемлекетік педагогикалық институттың тарих факультетінтін бітірген (1938). 1938 – 1942 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттінде оқытушы, 1942 – 1943 жылдары қазіргі Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттінің ректоры, 1943 – 1945 жылдары КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің Тіл, әдебиет және тарих институтты директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1946 – 1952 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттында бөлім меңгерушісі болды. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. 1-орыс революциясы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері жайында еңбектер жазды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылым тұжырымын қолдады. 1952 жылы Сүлейменовтің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады. Оның еңбектеріне “реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады” деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталды. Жазасын Иркутск облысындағы еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүрген кезінде 1954 жылы ақталып шықты. Осы жылы Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнология институттына ғылым қызметкер болып орналасты, 1957 жылдан институтттың революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі агрорлық мәселе, 1916 жылғы көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихы туралы ғылым еңбектерін жариялады. Ы.Алтынсариннің шығармалар жинағын құрастыруға жетекшілік етті. 1980 жылы Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. [1]

Дереккөздер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер



Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!