Безгелдек (лат.Tetrax tetrax) — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Жоны - беделі қоңыр, бауыры - ақ. Аталығының қара мойнында екі ақ мойнақ бар. Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай: екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, тек соңғы жылдарда ғана анда-санда егіс даласынан кездестіруге болоды. Еуразия даласында орныққан. Қазақстанның батыс бөліктерінде көп мөлшерде, ал қалған аумақта кездейсоқ кездеседі. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ. Мамырда аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, бунақденелілермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен және өсімдік өркендерімен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60-шы жылдары жоғала бастады, сондықтан 1978 жылы Қазақстанның Қызыл қітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр.