Үлгі:Infobox diseaseБезгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.
Безгек - Plasmodium тұқымдасындағы қарапайымдылармен шақырылатын, трансмиссивті механизмен берілетін адам организмінде эритроциттерді зақымдап, клиникасында ұстама тәрізді қызбамен, гепатоспленомегалиямен, анемиямен өтетін антропонозды инфекция.. Таратушы Anopheles тобына жататын масалар. Клиникасында ұстамалы қызба, гипохромды анемия, талақ пен бауырдың өсуі болады.[1]
спорогония (жыныстық циклы) Anopheles тұқымдас масалардың организмінде өтеді.
щизогония (жыныссыз цикл) адам организмінде
Масалар ауру адамды немесе тасымалдаушыларды шаққан кезде қанмен бірге маса организміне еркек және ұрғашы гематоциттер енеді. Спорогония 1 - 1-5 ай ішінде өтіп, спорозиттер қалыптасуымен аяқталады. Адам организміне спорозиттер инфекцияланған масаның сілекейімен де (шаққан кезде) щизогония 2 кезеңмен өтеді:
Эндемиялық ошақтарда көбінесе 2-5 жастағы балалар ауырады. Қабылдау мүмкіншілігі- жоғары. Иммунитет: тұрақты емес, түріне байланысты өте баяу түрде қалыптасады.
Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған.
Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.
Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Жаппай 42-72 сағат аралығында шығады. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі. Және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.
Патогенезі
Тінде шизогония безгектің барлық түрлерінде инкубациялық мерзімге сәйкес өтеді. Безгектің барлық клиникалық көріністері эритроцитарлы щизогонияға байланысты: инкубациялық мерзім аяғында эритроциттердің ішіне тінді меразоиттар енеді.
эритроцитарлы шизогония басталады
Оның ұзақтығы:
3 күндік 48 сағат
тропикалық – 48 сағат
овале безгекте – 48 сағат
4 күндік безгекте – 72 сағат.
Нәтижесінде безгек пароксизмі пайда болады. Безгек пароксизмі бұл эритроцитарлы щизогония нәтижесінде пайда болатын пирогенді заттарының патогенезі әсеріне сенсибилизденген организмнің спецификалық емес жауапты реакциясы. Әр ұстама кезінде:
қанға биологиялық белсенді заттар шығады
тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды
қан сұйықтығы тінге шығып, ісіндіреді
трембтар пайда болады
Анемия пайда болуындағы жағдайлар:
паразитемияның деңгейі
зақымдалған эритроциттердің саны
аутоиммунды өзгерістер (гемолиз, әсіресе тропикалық безгекте)
Клиникасы
Безгек үстамасы әдетте 3 сатыдан тұрады:
Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Науқас 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалтырайды.
Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Ыстық бірнеше сағат немесе күн бойы сақталады.
Ақырында адам малшына терлейді және ыстық түседі. Ұстамадан кейін адам әлсірейді, бірақ өзін біршама сергек сезіне бастайды.
Әдетте адамда безгек кезінде әр 2—3 күн сайын қызу болады (безгектің түріне қарай), ал ұстама басталатын кезінде қызу күн сайын қайталайды. Ыстықтың түсуі мен кетерілуі оқтын-оқтын өзгеріп тұрады Сондықтан себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексерту керек.
Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
Жас балаларда беттің бозаруы мен қанның азаюы бір-екі күннен кейін басталады. Бұл жағдай безгек миды зақымдаған кезде болады (церебральды безгек), қызба үстамасы естен тану үстамасына жалғасады. Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді. (Ескерту: Емшек сүтін ембеген балалар безгекпен тым жиі ауырады).
Безгекпен ауырып болғандар және эндемиялық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Егер сіз безгекпен ауырдым-ау деп сезіктенсеңіз немесе қызба ұстамасы жиі қайталай берсе, мүмкіндігінше қанды тексерту үшін емдеу мекемесіне барыңыз. Безгектің фальципарум деп аталатын аса қауіпті түрлері тараған жерде жедел түрде емдеуді бастаңыз.
Егер сіз безгекпен ауыру деңгейі жоғары ауданда тұрсаңыз, кез келген ыстықтың себепсіз көтерілуіне безгектің белгісі ретінде қараңыз. Безгекке қарсы өзіңіз тұрған жерде жақсы ем болып жүрген дәрілерді қабылдаңыз.
Егер дәрі ішкеннен кейін тәуірірек бола бастасаңыз, бірақ, қызба бірнеше күннен кейін қайталаса, онда, мүмкін, сізге дәріні алмастырып, басқасын ішуге тура келетін шығар. Бұл женінде жақын маңдағы емдеу мекемесінен кеңес алыңыз.
Егер безгекпен ауыратын адам талып қала берсе немесе менингиттің басқа да белгілері байқалса, онда бұл адамда церебральды безгек болуы мүмкін Бірден безгекке қарсы дәрі шанышыңыз.
Алдын алу жолдары
Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс
Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.
Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды
Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.
Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.
Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар
Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу
Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:
безгек ұстамасының тоқтауына
тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы
Дереккөздер
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.