Баян Рақышұлы Рақышев (15 наурыз 1934 жылы, Қарағанды облысы, Шет ауданы Қарасаз) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қ.Сәтбаев атындағы арнайы сыйлықтың тұңғыш иегері.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.
Ғылыми еңбектер
Рақышевтің негізгі ғылыми еңбектері жер қойнауын тиімді игерудің, құрылысқа қажетті тау жыныстарын жарылыссыз өндірудің, жартастарды ұңғылап бұрғылауда жаңа техникаларды пайдалану мен кен байлықтарын ашық әдіспен өндіру мәселелеріне арналған.
- 400-ден астам ғыл. еңбегі, 13 монографиясы жарық көрді.
- Пеленгация источников возмущения в массиве горных пород, А., 2002;
- Системы и технологии открытой разработки, А., 2003.
Марапаттары
- 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
- 1986 жылы КСРОның "Еңбек Қызыл Ту ордені"
- КСРО медалдарымен марапатталған (1967, 1970, 1989 жылдар);
- 1984 жылы «КСРО Жоғары оқу орнының үздік қызыметкері» атағы;
- 2000 жылы Қазақстанның мемлекеттік степендиясының иегері;
- 2003 жылы Қ.Сәтбаев атындағы арнайы сыйлықтың тұңғын иегері атанды;
- 2004 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;
- 2005 жылы «Тыңға 50 жыл» медалі;
- 2009 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медалі;
- 2011 жылы М.В.Ломоносов Ордені;
- 2011 жылы Есенов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты;
- 2013 жылы жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапаттады.
- "ҚР жоғары мектебінің үздік оқытушысы» деген мемлекеттік грантының екі мәрте иегері;
- ҚР Тау-кен кешенінің «2013 жылдың Ғалым ұстазы» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» иегері.
Ғылыми атақтары
Дереккөздер