Бауыржан Өміржанұлы Жақып (1 мамыр 1963 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылы) — қазақстандық ақын, филология ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), Қазақстан Журналистика академиясының (2006) және Қазақстан Жоғары мектеп ұлттық ғылыми академиясының корреспендия мүшесі (2007).
Өмірбаяны
Шығармалары
- “Жұлдызды шақ” (1987)
- “Көзімнің нұры” (1990)
- “Айдындағы аспан” (1996)
- “Ақ лақ” (1997) жыр жинақтары
- “М.Әуезов — публицист” (1997) ғылыми-зерттеу кітабы жарық көрген.
Ғылыми жұмысы
- «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті мен журналистикасындағы пубицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, теориялық және шығармашылық мәселелері.
- Жақып 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты (1990)
- Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1998)
- Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар (1999) сыйлықтарының лауреаты.[1]
Дереккөздер