Әділов Байсейіт (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) - қазақтың қоғам қайраткері.
- Ақмоладағы бастауыш училищені
- Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.[1]
- Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті.
- 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
- “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі.
- 1917 - 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды.
- 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды.
- 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды.
- Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды.
- Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.[2]
Дереккөздер
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7