Байсары – Оңтүстік Үстіртке таяу, Жосалы асуының оңтүстік-шығысындағы жота.
Жер бедері
Батыстан шығысқа қарай 17-18 км-ге созылған, ені 6-8 км. Үсті тегіс, күйреуік, бұйырғын басым өскен. Жан-жағы құлама шың. Солтүстік-шығыс шетінде тік түсетін жол аузында Байсары деп аталатын қыстау бар. Табанында жауын, қар сулары түсетін тас қақтар кездеседі. Байсарының солтүстік-шығысқа қараған шетінде үстіңгі беткейден төрт бұрышты етіп қашап жасалған бөлме бар. Ол құрылыс аяқталмай қалған мешіт делінеді.[1]
Дереккөздер
- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007