Төлепбаев Байдабек Ахметұлы (10 Қазан 1921 жылы туған, Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылы) – тарих ғылымының докторы (1967 ), профессор (1968 ), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1975 ), КСРО Ғылым академиясының мүшесі (1981 ). Қазақстан Халық ағарту ісінің үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1982 ).
Қысқаша өмірбаяны:
Археологиялық қазба жұмыстар .
1949 жылы Ташкент мемлекеттік педогогикалық институтын бітірген.
1939 –1945 жылдары Мектепте, Ташкент қаласындағы кәсіптік училищеде ұстаз, директордың орынбасары болды.
1947 –1949 жылдары Өзбекстан КП ОК жанындағы партия мектебінде оқыды.
1949 –1960 жылдары Өзбекстан КП ОК -де насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі.
1960 –1973 жылдары КОКП ОК -нің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
1973 –1976 жылдары Қазақстан КП Алматы облысы партия комитетінің хатшысы.
1976 –1983 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті .
1983 –1984 жылдары Тарих , археология және этнология институтының директоры.
1985 –1991 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры қызметтерін атқарды.
1992 жылдан Тарих , археология және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болды.
Еңбектері мен Жетістіктері:
«Орта Азия республикаларында партиялық аграрлық саясатының жүзеге асуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 9 монографияның авторы.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Парасат» ордендерімен марапатталған.[ 1]
Дереккөздер
↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы